389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосулдағы террористер ақырғы шайқасқа дайындалып жатыр

  • 511
  • UPD: 18:28, 02.06.2017

Мосул қаласында «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымының» мыңға жуық содыры қалды.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында халықаралық коалицияның ресми өкілі полковник Райан Диллон мәлімдеді. Қаланы алпауыт террорлық ұйымның шырмауынан азат ету операциясы Иракта 2016 жылдан бері жалғасып келеді. Бұл операция АҚШ бастаған коалицияның қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Бұған дейін үкімет әскері содырлар басып алған шаһардың батыс бөлігіндегі аудандарға соңғы шабуыл жасалғанын жария еткен еді. Дегенмен, тұтқынға айналған қала тұрғындары қаскөйлердің шешуші шайқасқа дайындалып жатқанын жеткізді. Олар Ан-Нури мешітінің айналасындағы көшелерді қоршап, бақылаудағы батыс ауданның күзет шебін күшейте түскен.

Хабар 24 телеарнасы