389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондондағы Grenfell Tower көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен қаза тапқандар саны 17-ге жетті

  • 436
  • UPD: 18:33, 15.06.2017

Ұлыбритания астанасы Лондондағы Grenfell Tower деп аталатын көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі өрттен қаза тапқандардың саны 17-ге жетті. Тағы 70-тен астам адам ауруханада жатыр. Олардың көбі ауыр халде.

Бұдан бөлек, ондаған адам із-түссіз жоғалып, табылмай жатыр. Құтқарушылар енді ғимарат ішінен тірі қалғандарды кездестіру мүмкін емес деп отыр. Бірақ іздестру-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Өйткені өрт сөндірушілер 24 қабатты үйдің төбесіне жеткенімен, барлық бөлмелерді әлі қарамаған. Оған біренеше апта кететінін айтады. Ал өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Үкімет басшысы Тереза Мэй оқиғаға қатысты мұқият тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Лондонның батысында орналасқан Grenfell Tower тұрғын үйінде өрт сәрсенбіге қараған түні  тұрғындар шырт ұйқыда жатқан кезде шыққан болатын. Оқиға орнына 200 өрт сөндіруші келіп, жұмыс істегенімен, тілсіз жау барлық қабатты жалмап өтті.

Хабар 24 телеарнасы