384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстіккореялық кофе демдеуші сусын бетіне танымал суретшілердің туындыларын салады

  • 778
  • UPD: 14:26, 05.07.2017

Оңтүстіккореялық кофе демдеуші өзінің өнерімен жұртты таңғалдырып жүр.

26 жастағы Ли Канг Бин жейтін кристалдарды пайдаланып, кофе бетіне танымал суретшілердің туындыларын салады. Олардың қатарында Винсент Ван Гог пен Эдвард Мунктің қолөнер туындылары бар.

Лидің айтуынша, бір суретті салу үшін шамамен бір сағат уақыт кетеді. Сондықтан эксклюзивті кофені қалайтындар алдын ала тапсырыс беру керек. Әзірге ол тек салқын сусындарды ғана әрлейді. Өйткені күннің ыстығында салқын сусынға сұраныс көп.

Ли Канг Бин, кофе демдеуші:

– Отан алдындағы борышымды шекара күзеті бөлімінде атқардым. Сол кезде лагерьден кофе ішетін жер ашқым келді. Командир қарсы болмай, мақұлдады. Осылайша қызықты іс басталып кетті.

Хабар 24 телеарнасы