385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда ауа тазалығы үшін күрес жүргізіліп жатыр

  • 626
  • UPD: 08:50, 27.07.2017

Ұлыбританияда 2040-шы жылдан бастап дизель не жанармаймен жүретін көліктерді сатуға тыйым салынады. Ол гибридтік қозғалтқышы бар темір тұлпарларға да қатысты.

Биліктің айтуынша, бұл экологиялық бағдарламаның бір бөлігі. Осы мақсатқа 3 миллиард стерлинг фунты да бөлінген екен. Негізі корольдіктің ауасы лас аудандарында бұл ереже 2040-шы жылдан да ерте күшіне енуі мүмкін.

Жалпы бұған дейін Франция билігі ұқсас шешім қабылдауға ниетті екенін айтқан болатын. Германияның Мюнхен және Штутгарт қалаларының басшылығы да дизельдік темір тұлпарлардың қозғалысын шектеуді жоспарлап отыр.

Майкл Гоув, Ұлыбританияның қоршаған орта істері жөніндегі министрі:

– Біз жанармаймен жүретін немесе дизельдік көліктерден арылуымыз қажет. Өйткені ауаның ластануы халықтың денсаулығын нашарлатып қана қоймайды. Сондай-ақ климаттың өзгеруіне де кесірін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы