378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайлықтар зағип жандарға пайдалы жүзік ойлап тапты

  • 622
  • UPD: 11:39, 07.08.2017

Қытайлық өнертапқыштар зағип жандардың тұрмысын жеңілдететін жүзік ойлап тапты.

Ол жүзіктің экраны жоқ. Бірақ құлағыңа жақын ұстасаң, қоңырауларға автоматты түрде жауап береді және дыбыстап айту арқылы смартфонның кез келген әрекетін орындай алады. Яғни мәтіндік хабарламаларды қабылдап, жіберуге де қолайлы. Бұл құрылғының өзгелерінен айырмашылғы жүзіктен шыққан дыбысты тек иесі ғана ести алады. Инженерлердің айтуынша, жаңа аппарат сатылымға 2018 жылдың ақпанында шығады.

Кевин Вонг, «Оrigami» компаниясының иесі:

- Зағип жандарға экранның маңызы жоқ. Сондықтан біз өзге тұстарының тиімділігін арттыруға мән бердік. Бұл барлығымыздың өмірімізді жеңілдетеді. Ақылды жүзік сияқты құрылғылар сандық технологияны қолданушылардың әдетін өзгертеді деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы