389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зидан «Реалмен» келісімшартын ұзартты

  • 451
  • UPD: 15:15, 12.08.2017
Зидан «Реалмен» келісімшартын ұзартты pbs.twimg.com

AS ақпаратына сүйенсек, мадридтік «Реал» команданың бас бапкері Зинедин Зиданмен келісімшартын ұзартты.

Жаңа еңбек келісімі 2020 жылға дейін жасалған. Жаңа құжат бойынша 45 жастағы маманның жалақысы 4,35 млн еуродан 8 млн еуроға өседі.

Айта кетейік, Зиданның басқаруымен «Реал» Чемпиондар лигасы мен UEFA Суперкубогын қатарынан екі рет жеңіп алды. Сондай-ақ Испания чемпионаты мен клубтар арасындағы Әлем чемпионатында топ жарды.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы