386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістандық студенттер АҚШ үкіметіне қарсы ереуілге шықты

  • 379
  • UPD: 15:16, 28.08.2017

Пәкістанда полицейлер АҚШ-қа қарсы шеруге шыққандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.

Associated Press-тің хабарлауынша, ереуіл Карачи қаласында болған. Бас көтерген шиіт студенттер ресми Вашингтонның Пәкістандағы елшілігіне кіруге талпынған. Мұндай әрекетке баруына Дональд Трамптың соңғы сөз сөйлеуінде «Пәкістан лаңкестерге ауған талибтерін паналатып келеді» деп мәлімдеуі түрткі болды. Алайда ресми Исламад өзіне тағылған «лаңкестерді жасырды» деген айыпты мойындаған жоқ.   

Айта кетейік, Пәкістанның сыртқы істер министрлігі «Трамптың мәлімдемесі – Исламабадқа қоқан-лоққы көрсеткендігі» деп айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы