385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамда «Доксури» дауылы ойран салып, ізінше тоқтаусыз жауын жауды

  • 444
  • UPD: 10:02, 16.09.2017

Жергілікті билік жағалауға жақын тұратын ауданның 80 мың тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді.

Сағатына 130 шақырымға дейін жүйіткіген күшті жел жүздеген үйдің шатырын ұшырып, ағаштарды тамырымен қоса жұлып әкеткен. Кейбір өңірлерді су басты. Лай көшкіні жүруі де мүмкін. Табиғат апатынан әуе қатынасы да тежелді. Ел астанасы Ханой мен Хошимин қаласы арасындағы сапарлар кейінге шегерілді. Негізі «Доксури» бұған дейін Филиппинде ойран салып, 4 адамның өмірін қиған болатын. Синоптиктер: «Дүлей дауыл алдағы уақытта Лаос пен Мьянмаға қарай бет алады», – деп топшылап отыр.

Хабар 24 телеарнасы