385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызыл крест Ауғанстанның солтүстігіндегі бөлімдерін жапты

  • 621
  • UPD: 09:51, 10.10.2017

Халықаралық Қызыл крест комитеті Ауғанстанның Құндыз бен Фарьяб провинциясындағы бөлімшелерін жабады.

Ұйым өкілінің мәлімдеуінше, оған соңғы уақытта қарулы топтардың шабуылы мен қызметкерлерді ұрлау оқиғасының жиілеуі себеп. Мысалы, жыл басынан бері бұл аймақтарда Қызыл крестің 6 қызметкері қаза тауып, тағы екеуі ұрланған. Бірақ ұйым ауған жеріндегі жұмысын толық тоқтатпайтынын жеткізді. Ал Ауғанстанда қазір Қызыл крестің 1 мың 800-ге жуық қызметкері жұмыс істейді. АҚШ әскерилерінің айтуынша, ауған үкіметі елдің тек 60 пайыз аумағын ғана бақылап отыр. Қалған бөлігі «Талибан» радикалды қозғалысы мен басқа да лаңкестік топтардың ықпалында. Сондықтан кей өңірлердегі қауіпсіздік жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмей келеді.

Моника Занарелли, Ауғанстандағы ХҚКК басшысы:

– Біз ішкі пікірталастан кейін басшылықпен ақылдасып, Ауғанстандағы, соның ішінде елдің солтүстігіндегі қызметімізді шектеу туралы шешімге келдік. Қазіргі қауіпсіздік жағдайына байланысты бұдан басқа жол жоқ.

Хабар 24 телеарнасы