388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирак әскері ТГИЛ лаңкестері бекінген ауданды басып алды

  • 479
  • UPD: 07:49, 05.11.2017

Ирак әскерилері «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» орналасқан аль-Каим ауданын басып алды.

Ел премьер-министрінің айтуынша, бұл аудан – содырлар шоғырланған ең соңғы елді мекендердің бірі. Және ол Сириямен шекаралас жерде орналасқан. Дегенмен Рава қаласы әлі де лаңкестердің бақылауында. Әскерилердің сөзінше, «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» жасақтарын талқандау үшін біраз күш кетеді. Осы орайда қазір үкімет әскері Абу-Камаль шаһарынан 40 шақырым жерде соңғы шайқасқа дайындалып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айында Ирак әскерилері мұнайға бай Киркук провинциясындағы Эль-Хавиджа қаласын содырлардан толықтай азат етті.

Хабар 24 телеарнасы