386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Uber» мен «НАСА» ұшатын такси құрастырмақ

  • 422
  • UPD: 14:15, 09.11.2017

Жаңа такси қызметін сынақтан өткізу 2020 жылы Лос-Анджелесте өтеді.

Сосын үш жылдан кейін ол жұмысын бастайды деп жоспарланып отыр. Және бұл әуе таксиін қазіргідей смартфон арқылы шақыруға болады. «Uber» өз ұшақтарын жасап шығармайды, керісінше «Эмбраер» мен «Муни» сияқты өндірушілердің ұшу аппараттарын қолданбақ. Құрастырушылардың сөзінше, жаңа қызмет түрі қоршаған ортаның ластануын едәуір төмендетпек.

Джефф Холден, «Uber» менеджері:

Біз келіссөздерді ертерек бастап жатырмыз. Өйткені жоспарымыз барлық серіктестерімізге қазірден бастап түсінікті болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы