385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстандағы мешітте жарылыс болды

  • 475
  • UPD: 19:46, 09.11.2017

Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласындағы мешітте жойқын жарылыс болып, 4 адам қаза тапқан.

Тағы екеуі жарақат алды. Қастандықты жанкешті белдігін таққан қаскөй жасапты. Әзірге оның бұл істі қандай мақсатта жасағаны белгісіз. Оқиға орнына келген полицейлер маңайды қоршауға алып, тергеу жұмыстарына кірісті. Шабуылды әлі ешбір лаңкестік топ мойнына алған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы