Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ирандағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 530-ға жетті

  • 295
  • UPD: 18:48, 14.11.2017
Ирандағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 530-ға жетті Фото: The Weather Channel

Иран-Ирак шекарасындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 530-ға жетті.

Бұл туралы IRNA порталына сілтеме жасап RT агенттігі хабарлады. Ал соңғы дерек бойынша жапа шеккендердің қатары 7817 адам. Бұған дейін 445 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған еді. Иранда аталған жағдайға байланысты 14 қараша қаралы күн деп жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 13 қазанда Иран-Ирак шекарасында магнитудасы 7,6-ға тең жойқын жер сілкінісі болды. Екі елдің шекарасындағы жер сілкінісінің күшті болғаны соншалық, оның дүмпуі Біріккен Араб Әмірліктерінде, Кувейтте, Йеменде, Сауд Арабиясында, Израильде сезілген. Бұл елдерде қанша адамның жапа шеккені әлі белгісіз. Ал апат аймағында тағы да оннан астам кішігірім зілзала тіркелді.

Осы категория бойынша: « Иран-Ирак шекарасындағы табиғи апат құрбандарының саны сағат сайын артып келеді Бразилияда жол апатынан 7 адам бақилық болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы