384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Каледонияда цунами қаупі сейілді

  • 565
  • UPD: 10:28, 20.11.2017
Жаңа Каледонияда цунами қаупі сейілді Фото: РИА Новости

Осыған дейін мәлім болғандай, Тынық мұхитының Жаңа Каледония жағалауында 7,3 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын.

АҚШ Ұлттық геологиялық барлау қызметі хабарлағандай, зілзала кіндігі Тадин қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 69 шақырымда орналасқан.

Жер сілкінісінің ошағы 25 шақырым тереңдікте. Әзірге зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ. Сондай ақ цунами болуы мүмкін екендігін хабарлап, қауіпті аймақтардан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары басталып кеткен болатын. Алайда бірнеше сағаттан соң Жаңа Каледония билігі цунами қауіпінің сейілгендігі туралы мәлімдеді. 

Хабар 24 телеарнасы