384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook балаларға арналған мессенджер шығарады

  • 500
Facebook балаларға арналған мессенджер шығарады bucket.glanacion.com

Facebook компаниясы 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған мессенджер шығармақшы.

Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

Шығарушылардың айтуынша, қосымшаның бір ерекшелігі балалардың достарымен байланысы ата-аналарының бақылауында болады.

Мессенджердің аудиториясы 13 жасқа толмаған балалар болады. Себебі АҚШ федералды заңы бойынша оларға Facebook желісінде парақша ашуға тыйым салынған.

Агенттіктің мәліметінше, ата-аналар балаларын бақылап қана қоймай, олардың бір-бірімен алмасқан жазбаларын да көре алады. Сондай-ақ хабарламаларды тек қана өздері көшіре алады.

Хабар 24 телеарнасы