387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каирдағы шіркеуде болған атыс салдарынан 10 адам қаза тапты

  • 525
  • UPD: 21:36, 29.12.2017

Каирдың оңтүстігінде Египетте тұратын христиандардың шіркеуіне шабуыл жасады.

Қастандықтан 9 адам қаза тапты. Олардың үшеуі полиция қызметкері. 5 адам жараланды. Бұл туралы жергілікті ақпараттық арналар хабарлады. Мәліметтерге қарағанда, шабуылды қарулы қаскүнем жасаған. Ол нысан ішіне басып кіріп, денесіне тағылған жанкешті белдігін іске қоспақ болған. Дегенмен арам ойы жүзеге аспады. Атыс кезінде ол полиция оғынан қаза тапты. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Құқық қорғаушылар қаскөйдің сыбайластарының бар-жоғын анықтауға кірісті.

Хабар 24 телеарнасы