384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та туған айы мен жылы бөлек егіздер дүниеге келді

  • 1075
  • UPD: 12:29, 02.01.2018
АҚШ-та туған айы мен жылы бөлек егіздер дүниеге келді Фото: Алимеро

АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны жаңа жыл түні 20 минуттық айырмашылықпен егіз баланы дүниеге әкелді.

Бір қызығы, егіздердің туған айы мен жылы бөлек. Сәбилер жоспар бойынша, 2018 жылдың 27 қаңтарында өмірге келуі тиіс еді. Алайда 31 желтоқсан күні бүлдіршіндердің анасы Марию жергілікті ауруханаға түскен.

Алғашқысы – ұл бала. Ол жергілікті уақыт бойынша 2017 жылдың 31 желтоқсаны күні 23.58-де дүниеге келген. Ал оның егіз-қарындасы Жаңа жылдан соң, 1 қаңтар күні 00:16-да өмір есігін ашқан.

Дәрігерлердің айтуынша, егіздер мен олардың анасына ешқандай қауіп жоқ, денсаулықтары жақсы.

 

Хабар 24 телеарнасы