389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тунисте бағаның шарықтауына байланысты наразылық ереуілдері өтті

  • 381
  • UPD: 09:49, 11.01.2018

Тунистің бірқатар қаласында салықтың көтеріліп, бағаның шарықтауына байланысты наразылық ереуілдері өтті.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлайды. Сакие Сиди Йуссеф қаласындағы жұмыссыздар бас көтеріп, биліктен жұмыспен қамту мәселесін қолға алып, экономикалық жағдайды дұрыстауды талап етті.  Наразылық кезінде Тебурба қаласында бір адам қаза тауып, 5 тәртіп сақшысы жарақат алған. Олардың біреуі ауыр халде жатыр.

5 қаңтарда ел президенті Беджи Каид Эс-Себси жергілікті партиялар мен кәсіподақ ұйымдарымен кездесу өткізіп, азаматтардан сабырлық танытуға шақырған. Оның айтуынша, бұл шаралар елге инвестиция тарту мен мемлекеттік қазынаны қалпына келтіруге бағытталған.

Сами Бен Гази, ереуілші:

- Біз бұл бастаманы қолдамаймыз. Өйткені жыл санап тунистіктердің жағдайы нашарлап барады. Бұған елде кедейлік пен аштықтың кең етек жаюы айғақ.

Хабар 24 телеарнасы