365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ТГИЛ Ирак экономикасына $100 млрд көлемінде шығын әкелді

  • 288
  • UPD: 18:30, 12.01.2018

«Ирак пен Левант лаңкестік тобы» Ирак экономикасына 100 миллиард АҚШ доллары көлемінде шығын әкелді.

Елдің премьер-министрі Хайдер әл-Абадидің айтуынша, енді қираған қалаларды қалпына келтіру үшін осыншама қаржы керек. Оған қоса құрылыс жұмыстарын жүргізуге 10 жылдай уақыт кетеді. 

Айта кетейік, өткен жылы Ирак әскері содырлардың уысында болған Мосул мен Анбар провинцияларын өз бақылауына қайтарды. Осы жеңістердің арқасында террорлық топтар толықтай талқандалды. Осылайша Ирак өз жерін лаңкестерден азат еткенін мәлімдеді. 

Осы категория бойынша: « Ноттингемдегі теміржол вокзалы отқа оранды КХДР Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиадаға қатысатын болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы