374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тағы Азаттық мүсіні туристер үшін жабылды

  • 487
  • UPD: 16:43, 21.01.2018
АҚШ-тағы Азаттық мүсіні туристер үшін жабылды awesomeworld.ru

Нью-Йорктің ең маңызды символдарының бірі Азаттық мүсіні сенбі күні туристер үшін уақытша жабылды.

Оған федералды үкіметтің қаржыландыруды тоқтатқаны себеп болған.

Ескерткішке барар жолдың бойына Азаттық мүсінін және Гудзондағы Эллис аралын уақытша жақыннан көруге болмайтындығы туралы жазылған арнайы ескертпе тақтайшалар орнатылған.

Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо көрікті жерлерді тамашалау мүмкіндігін жаңғырту үшін тез арада қажетті қаржы көзін табатынын мәлімдеді. Өз сөзінде ол мүсінді АҚШ-тың маңызды нысаны санайтынын атап өтті.

Сондай-ақ уақытша жабылған өзге де туристік нысандардың қатарында ұлттық саябақтар мен мұражайлар да бар. Олар тек белгіленген режімде ғана жұмыс істейді.

«Ұлттық саябақтардың тек бірқатары ғана саяхатшылар үшін ашық. Біз қалғандарын да көріп, тамашалау үшін бар күшімізді саламыз», – деп АҚШ-тың ішкі істер министрі Райан Зинке өзінің Twitter парақшасында жазды.

Осы категория бойынша: « Лондондағы ғажайып бақ көпшілікті таңғалдырды Йемендік көтерілісшілер Сауд Арабиясының Наджран қаласына зымыран ұшырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы