384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда түнгі клубтағы атыстан 14 адам бақилық болды

  • 504
  • UPD: 13:55, 28.01.2018

Бразилияның Форталеза қаласында мұздай қаруланған бәзбіреу түнгі клубқа баса көктеп кіріп, ішіндегілерге оқ жаудырды.

Қаскөйдің оғынан 14 адам ажал құшқан. Алтауы жараланды. Жергілікті полиция өкілінің айтуынша, екеуінің халі ауыр. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, атыстан кейін қаскөй оқиға орнынан ізін суытқан. Ал жергілікті «Глобо» арнасы бір адам қолға түсті деген ақпарат таратты. Әзірге көпшілікке оқты қарша боратқан қаныпезердің мұндай әркетке не мақсатта барғаны белгісіз. Құқық қорғаушылар атыс аймақтағы қылмыстық топтардың арасындағы кикілжіңнен туындаған болуы мүмкін дегенді алға тартып отыр. Өйткені мұнда есірткі саудасымен айналысатын топтар көп. Былтырғы жылы дәл осы Форталезада адам өлтіру қылмысының 5 мың 114 жағдайы тіркелген екен.

Андре Коста, Полиция қызметінің ресми өкілі: 

Әзірге 14 адамның қаза тапқаны нақтыланды. Жетеуінің аты-жөні анықталды. Екеуі әйел адам. Үшеуі егде жастағы ер адам. Екеуі кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек. Қалғандарының кім екені тексеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы