384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Немістің белгілі компаниялары ереуілге байланысты жұмысын тоқтатты

  • 409
  • UPD: 15:14, 03.02.2018
Немістің белгілі компаниялары ереуілге байланысты жұмысын тоқтатты

Германияда жұмысшылардың ауқымды ереуіліне байланысты шамамен 300 зауыт пен фабрика жұмысын тоқтатты.

Олардың ішінде Siemens, Bosch, Airbus сияқты белгілі компаниялар бар. Сондай-ақ бұл оқиға - Mercedes, Audi, Porsche сияқты ірі неміс автоөндірушілеріне де әсер етті. Тіпті BMW концернінде шамамен 14 мың маман жұмысқа шықпай, 1 мың 600 автокөліктің құрастырылуы тоқтап қалды. Жалпы кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, нарызылық акциясына 300 мыңнан астам адам қолдау көрсеткен. Олардың барлығы да жалақының көтерілгенін талап етеді. Сонымен қатар кішкентай балалары бар және отбасында қамқорлыққа мұқтаж азаматтары бар жұмысшыларға жұмыс уақытының санын азайту туралы талап бар. Егер зауыт басшылығы жағдайды түсініп, талаптарды қанағаттандырмаса, қызметкерлер жаңа акция ұйымдастыруға мәжбүр боламыз дейді.

Хартмут, кәсіподақ мүшесі:

 

Концерн өзінің болашағына алаңдап, инвестиция салуға тиіс. Бұл өте маңызды. Жұмысшылардың наразылық шеруін өткізуіне жалақының аздығы себеп болып отыр. IG Metal кәсіподағының мүшелері концерн өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Алайда компания жалақыны көтеріп, жұмыс уақытын қысқартуға келісетін түрі жоқ. Біз жұмысшылардың құқығын қорғау үшін соңына дейін күресеміз.

Хабар 24 телеарнасы