386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Сирияның үкімет күштеріне соққы беруі мүмкін

  • 411
  • UPD: 15:06, 23.02.2018
АҚШ Сирияның үкімет күштеріне соққы беруі мүмкін

Бұл туралы осы елдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли мәлімдеді.

Ресми өкілдің айтуынша, егер сириялық әскерилердің бейбіт тұрғындарға химиялық қару қолданғаны дәлелденсе, Вашингтон 2017 жылдың сәуір айындағыдай қадамға баратын болады.

Еске сала кетейік, қаңтар айында АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы Рекс Тиллерсон Сирия әскерінің Шығыс Гутада химиялық қару қолданғаны туралы мәлімдеген. Бірақ Ресей оның негізсіз екенін айтып, айыптаған. Ал АҚШ бастаған одақтас елдер Ирак пен Сириядағы лаңкестерге қарсы «Табанды батылдық» операциясын бастағалы әуе соққыларынан 850-ге жуық тұрғынның қаза тапқанын растады. Тағы 500-ге жуық адамның қазасы тексеріліп жатыр. Айта кету керек, одақтас елдер бұл операцияны 2014 жылдың тамыз айында бастаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы