386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль билігі Палестинамен тікелей келіссөз жүргізуге байланысты пікір білдірді

  • 409
  • UPD: 19:25, 05.03.2018
Израиль билігі Палестинамен тікелей келіссөз жүргізуге байланысты пікір білдірді

Израиль Палестинамен тікелей келіссөз жүргізуге дайын және оған мазмұнды бағдарлама қажет.

Мұндай мәлімдемені Израиль Сыртқы істер министрлігі бас директорының орынбасары Александр Бен-Цви жасады. Оның айтуынша, Израиль палестиналықтармен кез келген жерде келіссөз жүргізе алады. Бірақ талқыланатын мәселелерді анықтап алу қажет. Сондай-ақ 2000 және 2008 жылдардағы ұсыныстарын тағы алға тартты. Алайда Палестина тарапы бұл ұсыныстарға қарсы. Және екі мемлекеттің арасындағы шекара 1967 жылғы алты күндік соғысқа дейінгі сызық бойынша белгілеуді талап етуде. Себебі олар Шығыс Иерусалимді өз астанасы етіп, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторында дербес мемлекет құруды қалайды. Ал Израиль болса 1967 жылғы шекараны қалпына келтіргісі жоқ әрі Иерусалимді өзінің мәңгілік, бөлінбейтін астанасы деп жариялаған.

Хабар 24 телеарнасы