389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Гутаның 70 пайызы билік әскерінің бақылауына өтті

  • 588
  • UPD: 19:04, 17.03.2018
Шығыс Гутаның 70 пайызы билік әскерінің бақылауына өтті

Соңғы бірнеше күн ішінде Сириядағы соғыс оты өршіп тұрған аймақтардан 50 мыңдай адам қашып шықты.

Елдің солтүстігіндегі Афринге Түркия әскері қысым көрсетіп жатыр. Ал Шығыс Гутада оппозициялық топтар мен билік жасағы ұрыс жүргізіп жатыр. Кей мәліметке қарағанда, ресми Дамаск Сириядағы Қызыл жарты ай ұйымымен бірлесіп, тұрғындардың қақтығыс аймағынан шығуына мүмкіндік беретін қауіпсіз дәліз ашқан. Бұл жол арқылы буынып-түйініп көшіп жатқандар аз емес. Алайда лаңкестердің құрсауынан шыға алмай отырғаны қаншама. Содырлар оларды әскерилерге қарсы тірі қалқан ретінде пайдаланады. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қазір Дамаск іргесіндегі Шығыс Гутаның 70 пайызы билік әскерінің бақылауына өтті.

Хабар 24 телеарнасы