383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Цукерберг: Facebook әрдайым пайдаланушылар үшін тегін болады

  • 279
  • UPD: 14:38, 11.04.2018
Цукерберг: Facebook әрдайым пайдаланушылар үшін тегін болады

Марк Цукерберг АҚШ конгресіндегі қоғамдық тыңдауда сөз сөйледі.

Онда ауқымды әлеуметтік желінің басшысы Facebook-ке қатысты кезекті дау-жанжалға байланысты шақыртылған. Соңғы кездері желіні пайдаланушылардың жеке деректері рұқсатсыз таралып, тіпті АҚШ-тағы президенттік сайлауға бөгде адамадардың қатысуы мүмкін болған деген ақпар бар. Әлеуметтік желінің басшысы интернетті реттеу туралы әңгіме өте маңызды екенін мойындап, жаңа ережелерді енгізу туралы АҚШ Конгресіне барлық қажетті ақпаратты және техникалық қолдауды ұсынуға уәде берді.

Марк Цукерберг, Facebook компаниясының басшысы:

– Facebook теріс пиғылда қолданбау үшін жасаған алғышарттарымыз жеткіліксіз болып шықты. Бұл – жалған ақпараттардың таралуы, сайлауға шетелден келуі мүмкін кедергілер мен жеке ақпараттарды қорғауға қатысты мәселе. Осы тұрғыдан қарасақ, мойнымызға артылған үлкен жауапкершілікті түсінбеген екенбіз. Бұл – біздің тараптан кеткен қателік. Жеке менің қателігім. Және бұл үшін өкінемін.

Әдеттегідей АҚШ конгресіндегі қоғамдық тыңдауға барлық тұрғын қатыса алады. Цукербергке жеке сұрақ қойғысы келетіндердің саны 100-ден асып жығылды. Өз кезегінде әлеуметтік желінің басшысы Facebook әрқашанда пайдаланушылар үшін тегін болатындығын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы