384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдік нарықта мұнай мен алтынның бағасы қымбаттады

  • 788
  • UPD: 14:32, 19.04.2018
Әлемдік нарықта мұнай мен алтынның бағасы қымбаттады

Әлемдік нарықта мұнай бағасы тағы да көтерілді.

Азия нарығындағы таңғы сауда-саттықта Брент маркалы қара алтынның бір баррелі 73,90 АҚШ долларына саудаланды. Ал WTI маркасы 68,83 долларға бағаланды. Деректерге қарағанда мұнайдың қымбаттауына АҚШ-тың жанармай қорының азаюы мен сұраныстың артуы себеп болды.

Сарапшылардың айтуынша, президент Дональд Трамптың Солтүстік Корея басшысымен кездесуден жақсы нәтиже күтетіні туралы мәлімдемесі де бағаның жоғарылауына оң ықпал етті. Оның үстіне Сауд Арабиясы бастаған ОПЕК елдері қара алтын құнының 80 долларға жеткенін қалайды. Сондай-ақ нарықта алтын мен күміс те қымбаттады. Кеше Нью-Йорк биржасы жабылар тұста алтынның бір унциясы 1354 долларға жетсе, күміс 2,61 пайызға қымбаттап, 17,2 долларға бағаланды.

Хабар 24 телеарнасы