389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада табиғи жолмен қуат өндіруден халықараралық көрме өтіп жатыр

  • 622
  • UPD: 17:55, 20.04.2018

Жасыл технология тақырыбы дәл осы күндері Украинаның Киев қаласында да кеңінен насихатталып жатыр.

Дәлірек айтқанда онда күн энергиясынан қуат алудың халықаралық көрмесі өтуде. Баламалы қуат көздерін тиімді пайдалануға арналған шараға әлемнің оннан астам елінен келген 600-ге жуық өкілі қатысуда. Ал ұйымдастырушылар болса, көрмені он мыңға жуық адам тамашалайды деп болжап отыр.

Күн мен желдің қауқарын қуат көзіне айналдырудың сан түрлі тәсілі мен технологиясын осы көрмеден табасыз. Мәселен, «half cell» деп аталатын мына бір жаңа «күн шатыры» таңқалдырмай қоймайды. Бұл шатырды шағын әрі ірі электр станцияларында қолдану тиімді. Жиналған қуат желілік инверторға жөнеледі. Дайын қуатты ары қарай тұрмыста пайдалануға және оны қашықтықтан оңай басқаруға болады. Бұл шатырдың бір ғана «әттегенайы» бар – бағасы әзірге шарықтап тұр.

Андрей Корол, инженер: 

- Бұл кондырғының ең басты ерекшелігі тор көздері үш емес, алты бөлшектен тұрады. Модульдің бір бөлігіне көлеңке түссе де, жалпы қуаты айтарлықтай кемімейді. 

Бүгінде баламалы қуат көздері әлемдік электр энергиясының төрттен бір бөлігін құрайды. Оның ішінде  күн генерациясының қарқыны қатты. Қуат көзіне аса мұқтаж Украина үшін баламалы энергияны дамыту басым бағытқа ие болған. Нәтижесінде өткен жылы елде 250 МегаВаттық станция салынса, биыл бұл көрсеткіш бірден үш есеге артпақ.

Олександр Жуль, көрме ұйымдастырушысы:

- Қуат көздері және оны тиімді пайдаланудың жолдары мен технологиясын таныстыратын ірі көрмені 22 жыл бойы дәл сәуір айында ұйымдастырып келеміз. Энергетика қашанда өнеркәсіптік өндірістің даму қарқынын көрсететін негізгі сала. Биылғы шараға әлемнің 12 елінен 600 ге жуық кәсіпорын өкілдері қатысып жатыр.

Сәуір расымен күн шатырын сату мен сатып алудың тиімді айы. Алда аптап ыстық, күн көзі молынан төгілетін жаз айлары келе жатыр. Ұйымдастырушылар мұндай көрмені «өнеркәсіптік мереке» деп бағалайды. Бекер емес, осынау шара кезінде елге ірі инвестициялар тартылып, баламалы қуат көздерін дамыта түсудің мүмкіндігі арта түспек.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Михаил Мищенко

Хабар 24 телеарнасы