378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ташкентте білікті заңгерлер даярлауға арналған конференция өтті

  • 673
  • UPD: 08:31, 19.05.2018

Ташкентте «Білікті заңгерлік кадрларды даярлау. Өзбекстанның тәжірибесі мен әлемдік практика» атты  халықаралық  конференция өтіп жатыр.

Оған АҚШ пен Германия, Жапония, Белгия, Түркия мен Ресей және Қазақстандық жетекші сарапшылар мен ғалымдар, құзырлы орган өкілдері келген. Конференция қонақтары жалпы сот төрелігі мен судяларды оқыту жүйесін дамыту мәселелерін талқылады. Әр елден келген өкілдер өздеріндегі  заңгерлерді даярлау мақсатында қол жеткізген жетістіктерін ортаға салды. Өзбекстанда сот жүйесі  заман талабына сай жаңғыртылып жатыр. Қазақстан жалпы сот жүйесін дамытуда дүние жүзінде алдыңғы қатардағы мемлекетер тізімінде тұр. Өйткені жоғарғы сот жанындағы ситуациялық орталық кез келген елде кездесе бермейді. Оған қоса болашақ судьялар қаншама сатыдан өтеді. Ұлт жоспары бес институционалдық реформа да еліміздегі сот жүйесін жетілдіруге тікелей бағытталған. Сондықтан көршілердің бізден үйренері көп, дейді Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот төрелігі Академиясының басшысы. 

Төлеш Қаудыров, ҚР жоғарғы сотының жанындағы сот төрелігі академиясының ректоры:

- Меніңше, осындай конференция мен отырыстардың ең көп пайдасы ең жаңа тәжірибені әкеліп өз еліне ендіруге болады. Әрине Өзбекстанның тәжірибесінен де көп заттарды үйренуге болады. Мысалы, ғалымдарды көбірек жақындату керек оқу процесіне біздің тәжірибеміз мысалы мынандай ойға бағынады. Соттарды, судьяларды оқытатын судиялар болу керек. Бізде сондай жүйе қалыптасқан оны да меніңше Өзбекстаннның сот оқыту жүйесі қабылдауы мүмкін.

Баходир Исмаилов, Республикалық орталықтың мемлекеттік құқық кафедра меңгерушісі:

- Мамандандыру уақыт талабы. Барлық саланы қамтымаса да жекелеген секторлар дамытуды қажет етеді. Өйткені кейбір салалардың түбегейлі өзгеруіне байланысты бұрын біздің тәжірибемізде кездеспеген құқықтық институттар пайда болды. Осыған байланысты жаңа қауіптер мен мәслелер туындап келеді. Мысалы, химиялық және ақпараттық қауіпсіздік сияқты көптеген бағыттар бар. Конференцияның мақсаты тәжірибе алмасып, осындай заманауи технологияны жетік меңгеретін білікті мамандарды ортақтасып дайындау болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы