376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде экономикадағы жаңа трендтерді зерттеуші ғалымдар бас қосты

  • 1053
  • UPD: 08:31, 19.05.2018

Ғылымның экономикаға енуі - жаһандық тренд. Әлемнің сан түкпірінен келген ғалымдар халықаралық ғылыми серіктестік арқылы жаңа экономиканы құру жолдарын талқылау үшін Мәскеуде бас қосты.

Өз тәжірибиелерімен бөліскен қазақстандықтар ғалымдар - Елбасы Жолдауында білім экономикасын қалыптастыруға көп көңіл бөлінгенін атап өтті.

Ақтолқын Құлсариева, Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры:

- Жетінші басымдықта білім берудің ғылым саласына жеке экономика саласы ретінде қарау керектігі көрсетілген. Төртінші индустриалды революцияда көрсетілгендей әлем жаһанға айналғанда экономика білімге негізделетін болады. Яғни біз халықаралық ынтымақтастыққа баса назар аударуымыз қажет. Зерттеу саласын кеңейтіп, әлемдегі үздік университеттердің үздік үлгілерін үйренуіміз керек.

Зерттеушілердің пікіріне мән берсек, әлемдік стандарттармен санасу үшін Қазақстанның ғылым саласы - алдымен ақпараттың ашықтығына қол жеткізуі керек. Әсіресе ғылыми кеңестердің жұмысында оның маңызы зор. Ол үшін ғылыми-техникалық сараптамаларға шет елдік сарапшыларды да тарту қажет.

Әділ Ыбраев, «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ Президенті:

- Шет елден ғалым шақыру арқылы басқа мемлекеттердің ғылыми жобаларын бағалауға болады. Өйткені шетелдік ғалымдардың көбісінде Хирша индексі бестен жоғары. Бұл өте маңызды көрсеткіш және болашақта отандық ғалымдар шығаратын басылымдарға айтарлықтай әсер етуі тиіс.

Ресейлік мамандар да қазақстандық әріптестерімен серіктестік орнатып, тәжірибе алмасуға қызығушылқ білдіріп отыр.

Александр Соколов, ҰЗУ ЖЭМ Форсайт орталығының директоры:

- Мұнда тәжірибе алмасуға тұрарлық көптеген ғалымдар мен елдер болды. Менің ойымша, Қазақстан дәл осы салада қарқынды дамып келеді. Бізге қазақ елінің алға деген талпынысы, нәтижеге жұмыс істеуі ұнады.

Семинарға қатысушылар кішігірім топтық форматта халықаралық зерттеулердің үздік тәжірибелері, зияткерлік меншікті қорғау және тарату, электронды зерттеу инфрақұрылымдарына қолжетімділік жайлы өзара пікір алмасты.

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы