386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ханзада Гарри жұбайына марқұм анасының жүзігін сыйлады

  • 605
  • UPD: 13:56, 20.05.2018
Ханзада Гарри жұбайына марқұм анасының жүзігін сыйлады

Тойдың болғанынан «боладысы» қызық. Ал британдық монархтар әулетінің тойдан кейінгі де қызықтары әлемге әйгіленіп жатыр.

Айтар болсақ, ханзада Гарри жұбайына марқұм Диана ханшайымның жүзігін сыйлады. 

Бұл туралы Ұлыбритания мен Біріккен Корольдіктегі тіршіліктің тынысын аңдып отыратын Daily Mail хабарлады.

Ханзаданың әкесі Чарльз Гарридің үйлену тойы құрметіне берген қонақасы кезінде Меган Маркл аквамарин көзі бар жүзік тағып келіпті. Корольдік өмірдің баянын бұрыннан білетін журналистер бұл әшекей бұйымның кезінде марқұм Диана ханшайымға тиесілі болғанын жазып жатыр. Меган Марклдың енесі оны көзі тірісінде үнемі таққан екен.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы