389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль әуе күштері Газа секторындағы қарулы топтардың 35 нысанына соққы жасады

  • 411
  • UPD: 09:46, 30.05.2018
Израиль әуе күштері Газа секторындағы қарулы топтардың 35 нысанына соққы жасады

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.

Әскерилер қару-жарақ қоймасы мен Газа секторынан Израильге апаратын туннельді жойып жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының соңында Израиль мен Газа секторы шекарасында наразылық шеруі басталып, осы уақытқа дейін 100-ден астам палестиналық көз жұмды. Тағы 13 мың адам жарақат алды. Әсіресе мамырдың 14-і күні АҚШ даулы Иерусалимде елшілігін ресми ашқан күні шеру соңы қақтығысқа ұласып, 60-тан астам адам опат болды. Ал палестиналықтар бұл әрекет арқылы Израильден басып алған жерлерін қайтаруды талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы