386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль әскері заманауи құралдардың көмегімен ХАМАС ұйымының жерасты жолдарын тапты

  • 360
  • UPD: 10:54, 14.06.2018

Израиль әскері заманауи құралдардың көмегімен ХАМАС-тың жаңа туннельдерін тауып алды.

Жол су астынан қазылған екен. Газа аймағының солтүстігінде басталатын туннель жүз метрден кейін теңіз түбінің астына өтіп кетеді, бұл диверсанттарға жасырын түрде Израиль жағалауына шығуға мүмкіндік берді. Барлаушылар осы жолды анықтаған соң, ұшақтар оны бомбалап, жойып жіберді. Бұл туннельді 2014 жылғы соғыс кезінде пайдаланғаны белгілі болды. Сол кезде Израиль жағалауына жеткен сүңгуірлерді дер кезде байқап, киратқан еді. Енді Израиль жағалауын қорғау үшін, су астында бөгет салуға кіріскен. Бүкіл ел мызғымас қамалға айналды деуге болады. Бар шекарасын дуалмен қоршап, зымырандардан қорғайтын «Темір күмбез» жүйесі тіпті миномет снарядтарын да қағып түсіруге дағдыланған. Жасақшылар алқаптар мен ормандарға өрт салу үшін батпырауықтарды қолдана бастағалы, әскерде дрондармен қаруланған арнайы бөлім құрылды. Осының бәріне қомақты қаржы жұмсалып жүр.

Боаз Цвинкер, әскери бөлім командирінің орынбасары:

– Біздің міндетіміз – ел аумағымызда өрт салу үшін ұшырылған батпырауықтарды құрту. Қалай ұшатынын болжауға келмейтіндіктен, бұл оңай шаруа емес. Қазір дрондарды меңгерген адам көп боғандықтан, осы күреске қарапайым азаматтарды тартуды қарастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы