386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Македония басшысы ел атауын өзгертуден бас тартты

  • 337
  • UPD: 11:46, 14.06.2018
Македония басшысы ел атауын өзгертуден бас тартты

Македония президенті ел атауын өзгерту туралы келісімге қол қоюдан бас тартты.

Скопье тұрғындары мемлекет басшысын қолдап, наразылық шарасын ұйымдастырған. Мыңдаған адам үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ел премьер-министрі Зоран Заев баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында мемлекеттің «Солтүстік Македония Республикасы» деп аталатынын мәлімдеген еді. Бұл шешімді тарихи маңызы зор оқиға деп атап, елдің өркендеуінің кепілі екенін алға тартты. Еуроодақтың дипломатия басшысы Федерико Могерини мен НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг те бастаманы құптады. Могеринидің айтуынша, ресми Скопье мен Афин қол жеткізген келісім оңтүстік-шығыс Еуропаның жандануына септігін тигізеді. Ал Столтенберг болса: «Жаңа атау аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайта түседі», – деді. Енді ел келіспей отыр. Айта кетейік, осы атауға байланысты Афин мен Скопье арасындағы дау-дамайдың басталғанына 25 жылдан асты. Грекия елдегі Македония облысымен шатыстырмас үшін, республика атауын өзгертуді талап етіп келген.

Хабар 24 телеарнасы