386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириядағы теракт пен қақтығыстан қаза тапқандар саны артты

  • 353
  • UPD: 23:21, 26.07.2018
Сириядағы теракт пен қақтығыстан қаза тапқандар саны артты

Сирияның оңтүстігіндегі Эс-Сувейда қаласындағы лаңкестік әрекеттен және үкімет әскері мен содырлар арасындағы қақтығыстан қаза тапқандардың саны 246-ға жетті.

Оның ішінде 135-і қарапайым тұрғындар. Бұл туралы Фрәнс Пресс (France-Presse) агенттігі Сириядағы Адам құқығын бақылау орталығына сілтеме жасап хабарлады. Осыған дейін 150-ден аса адамның қаза тапқаны туралы хабарланған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдары олардың 90-нан астамы қақтығыс кезінде, ал 60 шақтысы жарылыстан ажал құшқан деп мәлімдеді. Оқиға базарда болған. Бойына бомба жасырған содыр халықтың арасына кіріп, өзін жарып жіберген. Әскерилер тағы 2 жанкештіні атып өлтіріп, жарылыс жасамақ болған біреуін қолға түсірді. Одан кейін де бірнеше жерде жарылыстар болған. Алайда оқиғаның анық-қанығы әлі зерттеліп жатыр. Айта кету керек, терактті «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» жасағанын мойындады.

Хабар 24 телеарнасы