389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тбилисиде қалың тұманның кесірінен көлік қозғалысы шектелді

  • 381
Тбилисиде қалың тұманның кесірінен көлік қозғалысы шектелді

Грузияда аптап ыстықпен қатар қалың тұман халықты әбігерге салды.

Ауа температурасы 40 градусқа дейін жеткен. Ал ел астанасы Тбилиси қалың тұманның астында қалды. Салдарынан көлік қозғалысы іркілген. Адамдар беттерін тұмшалауға мәжбүр. Елдегі қоршаған ортаны қорғау агенттігінің дерегі бойынша, тұман мен тозаң оңтүстіктен соғатын ыстық ауа мен солтүстіктегі салқын ауа массаларының өзара әрекеттесуінен туындаған. Билік ауа райы түзелмейінше, қала тұрғындарының сыртқа көп шықпауын ескертті.

Додо Гвазава, ауа райы болжамы бөлімінің басшысы:

– Оңтүстіктен соғатын ыстық ауа мен солтүстіктегі салқын ауа массаларының өзара әрекеттесуінен Күнгей Кавказ бен Шығыс Грузияны қалың тұман басты. Осындай синоптикалық процесс кезінде аймақта шаң массалары таралады.

Хабар 24 телеарнасы