387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мьянма халқы топан судан әбігерге түсті

  • 484
  • UPD: 10:04, 30.07.2018
Мьянма халқы топан судан әбігерге түсті

Мьянмада толассыз жауын мен су тасқыны салдарынын 50 мыңнан астам адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшті.

Көптеген елді-мекенді су басып жатыр. Табиғат апатынан елдің орталық өңірлеріндегі күріш алқаптары бүлінді. Жергілікті билік өзен жағасында орналасқан тұрғындарға тез арада көшуге шақырып жатыр. Қазір апат аймағында жапа шеккендерге жергілікті мамандармен бірге БҰҰ және «Қызыл крест» өкілдері көмектесуде.

Ел билігінің мәлімдеуінше, табиғат апатынан 100 мыңнан астам адам зардап шегуі мүмкін.

Айта кетейік, Мьянмада жаңбырлы маусым жыл сайын орасан шығын әкеледі. 2015 жылы осындай мезгіл кезінде су тасқынынан 100-ден астам адам көз жұмған еді.

Хабар 24 телеарнасы