387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конго Эбола безгегін жаңа дәрімен емдеп жатыр

  • 497
Конго Эбола безгегін жаңа дәрімен емдеп жатыр

Конго Демократиялық республикасында Эбола безгегіне қарсы жаңа дәрі қолданыла бастады.

Ресми түрде қолдануға рұқсат берілмеген осы вакцинамен бес адам ем алып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Бас директорының мәлімдеуінше, оң нәтиже бар сынайлы. Сондай-ақ, індетпен күресіп жүрген 200-дей медицина қызметкеріне  вакцина егілген.

Тедрос Адханом Гебреисус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры:

- Осы дәріні қолдану туралы шешімді науқастың келісімімен дәрігер қабылдайды. Емі тиімді екеніне көзіміз жетсе, мүмкіндігінше көбірек адамды осы дәрімен қамтуға тырысамыз.

Еске сала кетсек, Конго Демократиялық республикасында Эбола безгегі қайтадан белең алып тұр. Қауіпті індет Солтүстік Киву аймағына тараған. Белгілі болғаны, ауруды жұқтырған 57 сырқаттың қырық бірі көз жұмған. Елде бұл ауру мамыр айында тараған болатын.  Сол кезде 26 адамның өмірі қиылды. Індеттің негізгі ошағы қарулы қақтығыс өршіген Руанда мен Уганданың шекаралас аумағында орналасқан. Сол себепті аурудың таралуына қарсы шаралар қолдануды қиындатып отыр.

Хабар 24 телеарнасы