386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гутерриш Газнидегі қақтығысты келіссөзбен аяқтауға шақырды

  • 310
  • UPD: 17:34, 16.08.2018
Гутерриш Газнидегі қақтығысты келіссөзбен аяқтауға шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Ауғанстандағы қақтығысты тоқтатып, келіссөздер жүргізуге шақырды.

Еске сала кетейік, тәліптер бір апта бойы Газни қаласына шабуылды үдетіп отыр. Оларға үкімет жасағы жауапты соққы беріп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, осы қақтығыс салдарынан мыңнан астам әскери мен тәртіп сақшылары қаза тапты.  400-ден аса лаңкестің көзі жойылды. Жергілікті телеарна, қарапайым тұрғындардың да құрбан болғандығын хабарлады. Сонымен қатар Газни тұрғындары гуманитарлық дағдарысты бастан кешіп жатыр. Дәрі-дәрмек, азық-түлік және ауыз су жетпейді.

Хабар 24 телеарнасы