385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кабулда біреулер Ұлттық қауіпсіздік басқармасының орталығын шабуылдады

  • 379
  • UPD: 23:30, 16.08.2018

Кабулда белгісіз қарулы топ Ұлттық қауіпсіздік басқармасының дайындық орталығын шабуылдады.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, содырлар таңертең сағат 10-нан кете осы орталықтың жанында салынып жатқан ғимараттан оқ жаудырған. Осыдан кейін атыс күшейген. Қазір қауіпсіздік күштері ауданды оқшаулап лаңкестерге қарсы арнайы операция жүргізіп жатыр. Жақын маңдағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Әзірге шабуылдаушылардың кім екені белгісіз. Еске сала кетейік, кеше бір содыр Кабулдағы жекеменшік оқу орнына кіріп, өзін жарып жіберген еді. Салдарынан 47 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың дені университеттің дайындық курсында оқып жүрген 18 жастағы бозбалалар.

Хабар 24 телеарнасы