368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Батумидегі қонақүйлердің бірінде туристер қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатыр

  • 229
  • UPD: 08:00, 20.08.2018

Соңғы ақпарға сәйкес, 300 демалушының арасында қазақстандықтар да бар.

Олардың барлығы қонақүйдің ақшасын толығымен төлеп қойған. Алайда сот шешімі бойынша мұнда өрт қауіпсіздігі дұрыс сақталмағандықтан, жедел түрде ғимаратты босату қажет. Айта кетейік, былтыр дәл осы қонақ үйде өрт шығып, 11 адам көз жұмған еді. Сондықтан мамандар тілсіз жаудың алдын алуда.

Туристерге танымал Батумидің орталығында орналасқан белді қонақ үй таңертеңнен бері тынышталмай тұр. Қонақтар мен қызметкерлер жүктерін жинап әлек. Сот үкіміне сәйкес, қонақ үй жұмысы уақытша тоқтатылады. Алайда оның қаншаға дейін созылатыны әзірге белгісіз.   

Қонақүй тұрғыны:

- Не болып жатқанын түсінбедім. Бар білетінім, біз қонақ үйден кетуіміз керек. Осындағы қызметкерлердің айтуынша, біздің қауіпсіздігіміз үшін жасалып жатқан нәрсе. Нөмірімізді 5 күнге төлеп, тапсырыс беріп қойған едік. Бізді қай жаққа және қанша уақытқа апаратындарын да білмеймін.

Сарапшылардың айтуынша, қонақ үйде түтін өткізетін жүйе жұмыс істемейді. Сондықтан өрт бола қалған жағдайда, адамдарға қауіп төнеді. Былтыр 24 қарашада дәл солай болды. Қайғылы оқиға салдарынан 11 адам көз жұмған.

Леван Маисурадзе, Грузия ТЖ департаменті қызметкері:

- Қазір қонақжай иелерімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Оларға барынша көмектесіп, дұрыс шешім қабылдауға тырысамыз. Мәселе толығымен шешілмейінше, қонақ үй жұмыс істемейді. Қонақ үй әкімшілігі сот шешімі туралы шілдеден бері біледі. Алайда олар тұрғындарды қабылдауды жалғастыра берген.

Осы дауды шешуге жергілікті туризм департаменті де кіріскен. Олар қонақтарды Батумидің өзге қонақүйлеріне орналастыруға көмектесіп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл жағдай Грузия туризміне ешқандай кері әсер етпейді. Себебі мұның бәрі туристердің қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. 

Авторлары: Айжан Жұмтаева, Татия Джанибегашвили, Шалва Сурамелашвили

Осы категория бойынша: « Конгода Эболадан 49 адам көз жұмды Индонезияда 7,2 балдық жер сілкінісі болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы