387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Реюньон аралына туристер жанартауды тамашалауға келді

  • 385
  • UPD: 13:42, 19.09.2018

Реюньон аралында атқылаған жанартауды қызықтау үшін аймаққа туристер ағыла бастады.

Отқа оранған Питон-де-ла-Фурнез  тауында жанартау өткен аптада оянды. 30 метр биіктікке атқылаған лава тау бөктеріне қарай ағылып жатыр. Ауа райының суықтығына қарамай, алты шақырым жолды артта қалдырып таудың көру алаңына көтерілген туристер түнгі көрініске дән риза. Биіктігі 2631 метр Питон-де-ла-Фурнез жанартауы әлемде ең белсенділердің бірі. Ол жыл басынан бері осымен төртінші рет оянып отыр.

Турист:

Мүмкіндікті пайдаланып қалғымыз келді. Сондықтан осы жерге келдік. Түнде жанартаудың атқылауын бірінші рет көріп тұрмын. Айрықша әсер алдық. Лапылдаған отты бақылау керемет екен. Тіпті өзіне бағындырып әкетеді деп айтар едім. Өте әдемі көрініс.

Хабар 24 телеарнасы