375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия астанасында жарық фестивалі өтіп жатыр

  • 629
  • UPD: 22:48, 30.09.2018
Германия астанасында жарық фестивалі өтіп жатыр

Берлин адам танымастай өзгерді. Бұл күндері Германия астанасында жарық фестивалі өтіп жатыр.

Шеберлер Белвью, Берлин кафедралы шіркеуін, театрлар мен үкімет ғимараттарын жарықпен көмкеріп, шаһардың ажарын аша түсті. Есте қаларлық шоуды көру үшін мыңдаған жергілікті тұрғын мен туристер ағылып келіп жатыр. Күннің салқындығына қарамастан, адам саны өте көп. Шараның ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы фестивальге 2 миллионға жуық қонақ келуі керек. Ал мерекелік шара 14 қазанға дейін жалғасады.

Харольд Трагвандель:

Бұл жолы біз Берлин кафедралық соборын әрледік. Лазерлердің орнына прожекторларды қолдандық. Ойымыздағыны жүзеге асыруға 2 аптадай уақыт кетті. Ескі ғимаратты жарықпен көркемдей отырып, классикалық сәулет өнерін басқа қырынан көрсеткіміз келді.

Хабар 24 телеарнасы