384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың басты мерекесіндегі отшашуды көру үшін 100 мыңнан аса көрермен жиналады

  • 680
Қытайдың басты мерекесіндегі отшашуды көру үшін 100 мыңнан аса көрермен жиналады

Гонконгта Қытай Халық Республикасының құрылған күні атап өтілді.

Ұлттық мейрамға орай аспан түрлі түсті отшашуға оранды. Пиротехника тікелей су астынан шығарылып, көздің жауын алды. Жиырма минуттай уақытқа созылған шоуды тамашалау үшін, жыл сайын жүз мыңнан аса көрермен жиналады. Тіпті, кейбір тұрғындар арнайы круиздық кемеден орын сатып алатын көрінеді. Қытайдың ең басты мерекесі – Республика күнінен соң, «алтын апта» басталады. Яғни қытайлықтарға жеті күн қатарынан демалыс беріледі.

Хабар 24 телеарнасы