380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда 6 балдық зізала тіркелді

  • 477
  • UPD: 07:27, 12.10.2018
Индонезияда 6 балдық зізала тіркелді

Индонезияда тағы да жер сілкінісі болды.

Бұл жолы Ява аралына жақын жерде 6 балдық зізала тіркелді. Апат ошағы Сумбераняр қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 10 шақырымдай тереңдікте тіркелді. Табиғат апатынан 3 адам қаза тапты. Күшті дүмпуден осы аймақтағы көптеген ғимарат бүлініп, қирап қалған.

Еске сала кетейік, қыркүйектің 28-і күні Индонезияның Сулавеси аралында қуаты 7,5 балдық жер сілкінісі болып, соңынан Палу қаласына алып толқындар соқты. Салдарынан 1760 тұрғын опат болды. Тағы 70 мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы