378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Brexit: Британия парламенті 21 желтоқсанға дейін дауыс береді

  • 368
  • UPD: 14:59, 12.12.2018
Brexit: Британия парламенті 21 желтоқсанға дейін дауыс береді

Тереза Мэй Brexit жоспарын дауысқа салуды 21 қаңтарға дейін өткізуге ниетті. Бұл туралы Ұлыбритания Премьер-министрінің ресми өкілі хабарлады.

Еуроодақтан шығу жоспарын британ парламенті желтоқсанның 11-і күні сарапқа салуы тиіс еді. Үш күндік пікірталастан соң Тереза Мэй қазіргі жоба парламентке ұсынуға  дайын емес екендігін мойындады. Егер құжатты осы күйі дауысқа салса, онда депутаттардың дені оны қолдамау мүмкін еді. Естеріңізге салсақ, Ұлыбритания 2019 жылдың 29 наурызында Еуропалық Одақ құрамынан шығуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы