387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда көлікті сақтандырудың жаңа жүйесі енгізіледі

  • 514
  • UPD: 00:08, 19.12.2018

Келесі жылы Қырғызстанда көлік жүргізушілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Себебі осыған дейін бұл бағытта заң қабылданып, ол халықтың үлкен наразылығын тудырған еді.

2016 жылы Қырғызстан билігі көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесін енгізбек болды. Алайда билік өкілдерінің кенеттен жариялаған шешіміне ел тұрғындары наразылық білдіріп, заң жобасына шикі деген баға берді. Өз ке зегінде экономика министрлігі сақтандырудың жоқтығы үшін айыппұлдарды енгізуді екі жылға шегеруді ұсынды. Бірақ парламент жобаны 2019 жылы жүзеге асыру туралы шешім қабылдады. Ал сақтандыру компаниялары пайданың орнына шығынды есептей бастады.

Талантбек Кемелов, сақтандыру компаниясының жетекшісі:

- Әрине қауіп бар, себебі, бұл бизнес. Осыған дейін біз заң қабылданғанда айтарлықтай қаржы жұмсадық. Адамдарды жинап, арнайы штат қалыптасып еді. Алайда саясаткерлеріміздің әрекетінен елеулі шығынға ұшырадық.

Бұл жолы ел тұрғындары көлікті сақтандыру туралы біраз мәліметпен танысты. Мысалы, осы салада қызмет көрсететін компаниялар көлік иесі сақтандыру төлемдерін қалай алатындығы туралы егжей-тегжейлі түсіндіреді. Қаржы нарығын реттеу және қадағалау мемлекеттік қызметінде жыл сайынғы сақтандыру жарналарының ең аз мөлшері 1600 сом деп есептелді. Бұл – 22 АҚШ доллары.

Сергей Егоров, жүргізуші:

- Бұл заң көлік апаты болған жағдайда жүргізушіні де қорғайды. Яғни ол күтпеген жерден жол-көлік оқиғасына қатысушы болған жағдайда, сақтандыруға қатысты түсініспеушіліктер туындамайды. Көлік қожайыны келтірген залалы үшін айыппұлды дер кезінде өтей алады. Яғни ақшаның жоқтығы деген себеп болмайды.

Қырғызстанда бір миллионға жуық автокөлік бар. Экономистердің есептеулері бойынша, көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудан үкімет жыл сайын екі миллиард сомға дейін алатын болады.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы