389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда суда жүзгіштер дәстүрлі жаңа жылдық шараға қатысты

  • 476
  • UPD: 12:56, 02.01.2019
Францияда суда жүзгіштер дәстүрлі жаңа жылдық шараға қатысты

Францияның Антиб жағажайында дәстүрлі жаңа жылдық жүзу өтті. Бірақ биыл ауа райы шараға қатысушыларды таңқалдырды.

Қаңтардың алғашқы күні болғанына қарамастан ауа температурасы плюс 17 градусқа жетті. Әдеттен тыс күн райы көптеген тұрғынды шабыттандырып, қызықты шараға жүздеген адам қатысты. Ал Италия астанасы Римде дәстүрлі жаңажылдық суға секіру өтті. 1946 жылдан бері жалғасып келе жатқан шараға биыл төрт адам қатысты. Олар даладағы аязға қарамастан 30 метрлік көпірден Тибр өзеніне секірді. Мұзды суға соңғы болып, осы қозғалыстың ардагері Маурицио Пальмулли түсті.

Хабар 24 телеарнасы