389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


НАСА ғалымдары ғарыштың Койлер белдеуіндегі жағдайды жариялады

  • 822
НАСА ғалымдары ғарыштың Койлер белдеуіндегі жағдайды жариялады

 

Астероидтың алғашқы суреті 31 желтоқсан күні жіберілген.

Бірнеше күннен кейін зонд ғарыш нысанына жақындай түсіп, суреттің одан да анық нұсқасын жіберген. Онда байқалғандай, астероидтың пішіні аққала іспеттес. Ғалымдардың айтуынша, «Ультима Туле» – ғарыш кеңістігінде жер аппараты жақындаған ең алыс қашықтықтағы астероид. Қазіргі таңда станция жерден 6 миллиард және Плутоннан 1,5 миллиард шақырым қашықта айналып жүр. Ғарыштың аталған нүктесінен жиылған ақпараттың барлығын жерге жіберу үшін зонд 20 ай бойы ғарышта болмақ. Ғарыш мамандарының айтуынша, «Ультима Тулені» зерттеудің маңызы зор. Астероидты түбегейлі сараптау арқылы күн жүйесінің қалыптасу жағдайын білуге болады. Жалпы New Horizons – зонды Плутонның үстіңгі қабатын зерттеген алғашқы ғарыш аппараты.

Хабар 24 телеарнасы