387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда мұз фестивалі ашылды

  • 432
  • UPD: 07:47, 05.01.2019
Қытайда мұз фестивалі ашылды

Қытайда Харбин мұз фестивалі өз жұмысын бастады. Дәстүрлі шара қарсаңында мұз қатқан Соңхуа өзенінің бойында жүздеген аққала бой көтерді.

Оны жасауға жергілікті тұрғындар бір кісідей ат салысқан. Ал, шеберлер мұздан жасаған мүсіндерін аяқтауға жақын. 600 мың шаршы метрді алатын саябақ 120 мың текше метр қардан жасалған мүсіндермен  безендірілген. Оларды тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылады. Шара барысында ең үздік мүсін анықталып, салқын суда жүзу бойынша жарыс өтеді. Сондай-ақ жас жұбайлардың жаппай үйлену рәсімі ұйымдастырылады. Айта кетерлігі, фестиваль 1983 жылдан бері өткізіледі. Биыл мұз фестивалі ақпанның бесіне дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы